Алькарас ATP қорытынды турнирінің финалында алғашқы сетте Зверевтен басым түсті
Туринде өтіп жатқан ATP қорытынды турнирінің 2026 жылғы финалында Карлос Алькарас алғашқы сетте Александр Зверевті 6:2 есебімен ұтты. Кездесу 50 минутқа созылды.
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан ATP қорытынды турнирінің 2026 жылғы финалында испаниялық Карлос Алькарас алғашқы сетте неміс теннисшісі Александр Зверевтен 6:2 есебімен басым түсті.
Финалда әлемнің бірінші ракеткасы Зверев пен рейтингтегі үшінші орында тұрған Алькарас титул үшін таласып жатыр. Бірінші сет 50 минутқа созылды.
Екі теннисшінің өзара кездесулеріндегі есеп қазір 7-6 болып, Алькарас алда келеді. Олардың соңғы ойыны жылдың басында Australian Open турнирінің жартылай финалында өткен болатын.
Сол матчта Алькарас 5 сағат 27 минутқа созылған тартысты кездесуде 6:4, 7:6 (7:5), 6:7 (3:7), 6:7 (4:7), 7:5 есебімен жеңіске жеткен еді.
ATP қорытынды турнирі 15-22 қараша аралығында өтіп жатыр. Дүбірлі додадағы қазіргі чемпион — италиялық Янник Синнер.