Күрес

Икрам Алискеров UFC Fight Night 294 турнирінде Джаред Каннонирді жеңді

Дохада өткен UFC Fight Night 294 кешінде ресейлік Икрам Алискеров америкалық Джаред Каннонирмен кездесіп, жеңісті өз пайдасына жаздырды. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын.

Ресейлік файтер Икрам Алискеров Дохада өткен UFC Fight Night 294 турнирінде октагонға шықты.

Ол орта салмақта америкалық Джаред Каннонирмен жекпе-жек өткізді. Кездесу үш раундқа жоспарланған болатын.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Алискеров төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Икрам Алискеров кәсіби мансабындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал Джаред Каннонир үшін бұл мансабындағы 11-ші жеңіліс болды.

UFC-дегі көрсеткіштері бойынша Алискеров енді 6-1 нәтижесіне ие болса, Каннонирдің рекорды 10-11 болды.