Футбол

Португалия құрамасы Роналдудың 986-голына жауап берді

Криштиану Роналду Сауд Арабиясының Про-лигасындағы матчта кезекті голын соқты. Португалия құрамасының ресми парақшасы оның мансабындағы 986-голға осылай үн қатты.

Криштиану Роналду мансабындағы 986-голын соқты. Ол Сауд Арабиясының Про-лигасындағы 9-турда өткен «Әл-Наср» мен «Әл-Ахли» кездесуінде көзге түсті.

Матч Джиддадағы «Кинг Абдулла Спортс Сити» стадионында өтті. Кездесудің бас төрешісі Сами Әл-Наджи болды. Ойында «Әл-Ахли» 3:1 есебімен жеңіске жетті.

«986 артта қалды. 14 қалды»

Португалия құрамасының ресми парақшасында Х әлеуметтік желісінде дәл осындай жазба жарияланды.

Роналду Португалия құрамасы сапында 146 гол, ал клубтық деңгейде 840 гол соққан.

Айта кетейік, бұған дейін шабуылшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы хабарлаған еді.