Аскар Біржанов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде алды
Қазақстандық дзюдошы Аскар Біржанов 100 келіге дейінгі салмақта жастар арасындағы әлем чемпионатының қола медалі үшін өткен белдесуде жеңіске жетті. Ол Испания өкілі Никита Юдановты ұтты.
Қазақстандық дзюдошы Аскар Біржанов 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін өткен белдесуде жеңіске жетті.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде оның қарсыласы Испания атынан сынға түскен Никита Юданов болды. Негізгі уақытта есеп ашылған жоқ, алайда белсенділік танытпағаны үшін испаниялық спортшыға үш ескерту беріліп, белдесуде жеңілді. Соның нәтижесінде Біржанов әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Аскар турнирді үндістандық Харш Шармадан басым түсуден бастады. Одан кейін литвалық Маюс Генисті жеңді.
Ширек финалда ол жапониялық Сёкэй Хиранодан жеңіліп қалды. Кейін жұбаныш белдесуінде ресейлік Владимир Досякты ұтып, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.
Никита Юданов жартылай финалда басқа бір қазақстандық дзюдошы Санжар Еруланұлынан жеңілген болатын. Санжар осы нәтижеден кейін финалға шықты.