Күрес

Сантьяго Луна Александр Топурияны жеңіп, UFC-дегі жеңісін жалғастырды

UFC Fight Night 294 турнирінде мексикалық Сантьяго Луна испан-грузин Александр Топурияны төрешілердің бөлек шешімімен ұтты. Бұл Топурия үшін кәсіпқой мансабындағы екінші жеңіліс болды.

22 жастағы мексикалық аралас жекпе-жек шебері, жеңіл салмақта өнер көрсететін Сантьяго Луна UFC Fight Night 294 турнирінде Александр Топурияны төрешілердің бөлек шешімімен жеңді. Жекпе-жек қорытындысы: 30-27, 29-28, 28-29.

Турнир бүгін, 21 қарашада, Катардың Доха қаласында өтіп жатыр.

Осы жеңістен кейін Александр Топурияның кәсіпқой ММА-дегі көрсеткіші жеті жеңіс пен екі жеңіліске жетті. Оның осы жеті жеңісінің үшеуі нокаутпен аяқталған.

Александр Топурия кәсіпқой мансабындағы алғашқы жекпе-жегін 2015 жылғы 4 сәуірде өткізген. Ал Сантьяго Лунаның еншісінде тоғыз жеңіс пен бір жеңіліс бар, оның үш жеңісі нокаут арқылы тіркелген.

Мексикалық спортшының кәсіпқой дебюті 2023 жылғы 28 сәуірде Тихуанада өткен UWC Mexico 43 турнирінде болған.