Күрес

Саят Абдрахманов Дияр Нұрғожайдың үш қатар жеңісіне пікір білдірді

Қазақстандық менеджер Саят Абдрахманов UFC-дегі Дияр Нұрғожайдың кезекті табысын атап өтті. Ол спортшымен бірге октагонда түскен суретін жариялап, «Жеңісті үш жекпе-жектен тұратын серия» деп жазды.

Белгілі қазақстандық менеджер Саят Абдрахманов UFC-де өнер көрсететін Дияр Нұрғожайдың қатарынан үш мәрте жеңіске жеткеніне пікір білдірді.

Абдрахманов инстаграмдағы парақшасында жекпе-жектен кейін октагон ішінде түсірілген ортақ суретті бөлісті. Онда Нұрғожай да, оның командасы да бірге көрінеді.

«Жеңісті үш жекпе-жектен тұратын серия» деп қысқа ғана жазба қалдырды менеджер сторисінде.

Бүгін Дияр Нұрғожай Дохадағы (Катар) UFC Fight Night 294 турнирінде америкалық Алик Лоренцке қарсы шықты. Жартылай ауыр салмақта өткен айқас екінші раундта аяқталды.

Қазақстандық спортшы қарсыласын дәл соққымен шайқалтып, кейін жерде тізе бүктіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осы табыстан кейін Нұрғожайдың UFC-дегі көрсеткіші 3-2 болды.