Жаңалықтар

Бибисара Асаубаева Женеваға барып, Синдаровтың тарихи матчы алдында қолдау көрсетті

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибисара Асаубаева Швейцарияның Женева қаласына жетіп, Жавохир Синдаров пен Гукеш Доммараджу арасындағы әлем чемпионаты алдындағы сәттерден фото жариялады. Титулдық кездесу 24 қарашада басталып, 12 желтоқсанға дейін созылады.

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибисара Асаубаева Швейцарияның Женева қаласына келіп, әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын матч қарсаңында Жавохир Синдаровқа қолдау көрсетті.

Шахматшы Instagram стористерінде Мартин Бодмер қорының ойын залынан бірнеше сурет жариялады. Онда титулдық кездесу өтетін үстел, сондай-ақ Синдаров пен Гукеш Доммараджудың есімдері жазылған тақтайшалар көрінеді. Бір кадрда Асаубаева Синдаровпен бірге түскен.

Бибисара коллаждарының бірін қара пешка мен қызыл жүрек эмодзисімен толықтырған.

Осы жылдың көктемінде Асаубаева мен Синдаровтың қарым-қатынасы туралы белгілі болды. Екі шахматшының көпжылдық достығы махаббатқа ұласқан, ал Синдаровтың туыстарының айтуынша, жұп әлем чемпионы атағы үшін матч аяқталған соң үйленуді жоспарлап отыр.

20 жастағы Жавохир Синдаров пен үндістандық Гукеш Доммараджу арасындағы классикалық шахматтан әлем чемпионаты 24 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтеді. Қарсыластар 14 классикалық партия ойнайды, жүлде қоры 2,5 миллион долларды құрайды. Ашылу рәсімі 22 қарашаға жоспарланған, алғашқы партия 24 қарашада өтеді.