«Барыс» Омбыда «Авангардтан» 3:1 есебімен жеңілді
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Омбының «Авангард» командасына қарсы сырт алаңдағы матч өткізді. Кездесу қожайындардың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Омбының «Авангард» командасымен сырт алаңда кездесті. Ойын 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Михаил Кравец шәкірттері кездесуге мына құраммен шықты: Николаев (Шутов) — Масси-Дэй, Логвин-Пилон-Бэйли; Маккошен-Данияр, Симонов-Морелли-Томпсон; Бритиков-Приски, Қайыржан-Шестаков-Өмірбеков; Диханбек-Ляпунов, Асетов-Шайхмедденов-Саркенов.
Бірінші кезеңде Джошуа Ливо екі рет мергендік танытты. Ол осылайша дебютант қақпашы Дмитрий Николаевтың қақпасына қос гол соқты. Екінші кезеңнің басында «Барыс» тағы бір шайба жіберіп алды, бұдан кейін Ансар Шайхмедденов жауап қайтарды.
Алайда соңғы жиырма минутта қазақстандық клуб есепті теңестіре алған жоқ. «Авангард» матчты 3:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.
22 қарашада «Барыс» өз алаңында минскілік «Динамоны» қабылдайды.
«Авангард» (Омбы, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 3:1 (2:0, 1:1, 0:0)
Шайбалар: 1:0 — 10:11 Ливо (Лажуа, Маклауд). Тең құрамда. 2:0 — 14:25 Ливо (Окулов). Көпшілік құрамда. 3:0 — 21:09 Потуральски (Ливо, Гуляев). Тең құрамда. 3:1 — 31:11 Шайхмедденов (Данияр, Маккошен). Тең құрамда.
Қақпашылар: Просветов — Николаев. Жаза минуттары: 10:4 (2:2, 6:0, 2:2).