Күрес

Нұрбек Қабдрахманов Шымкенттегі турнирде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

Қазақстандық ММА шебері Нұрбек Қабдрахманов Шымкентте өткен Alash Pride FC 136 × Mangu 6 турнирінде ирандық Мортеза Рашвандиді бірінші раундта тізе бүктірді. Жекпе-жек тұншықтыру әдісінен кейін тоқтатылды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрбек Қабдрахманов (12-4) Шымкентте өткен Alash Pride FC 136 × Mangu 6 турнирінде ирандық Мортеза Рашвандиді (2-9) мерзімінен бұрын ұтты.

Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Қабдрахманов тұншықтыру әдісін сәтті қолданып, қарсыласын берілуге мәжбүр етті. Осыдан кейін төреші кездесуді тоқтатып, қазақстандық файтердің жеңісін тіркеді.

Осы нәтижемен Қабдрахманов кәсіпқой мансабындағы 12-жеңісіне қол жеткізді. Ал Рашванди тоғызыншы рет жеңіліс тапты.