Күрес

Асылжан Таскет Шымкенттегі басты жекпе-жекте бірінші раундта жеңіске жетті

Қазақстандық ММА шебері Асылжан Таскет Шымкентте өткен Alash Pride FC 136 × Mangu 6 турнирінің басты жекпе-жегінде Қырғызстан өкілі Нұртилек Жалынбековті мерзімінен бұрын ұтты. Ол қарсыласын бірінші раундта тұншықтыру әдісімен берілуге мәжбүр етті.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асылжан Таскет Шымкентте өткен Alash Pride FC 136 × Mangu 6 турнирінің басты жекпе-жегінде Қырғызстан өкілі Нұртилек Жалынбековті жеңді.

Полулегкий салмақ дәрежесіндегі кездесу бірінші раундта-ақ аяқталды. Таскет тұншықтыру әдісін дәл орындап, қарсыласын берілуге мәжбүр етті.

Осы жеңістің арқасында қазақстандық спортшы кәсіпқой мансабындағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді. Қазір оның көрсеткіші — 12-3.

Жалынбеков үшін бұл мансаптағы бесінші жеңіліс болды. Оның кәсіби рекорды енді 12-5 болып тұр.

Айта кетейік, Таскет — Alash Pride ұйымының полулегкий салмақтағы чемпионы. Ол 2026 жылдың мамыр айында Ресей спортшысы Алексей Мешковты төртінші раундта нокаутқа жіберіп, белбеуін сәтті қорғаған еді.