«Семей» сапындағы екі бразилиялық ойыншы Бразилия құрамасына шақырылды
Қазақстандық футзал клубы «Семейдің» Энрике Педриньо мен Габриэль Кандидо ұлттық құрамаға шақырту алды. Бразилия 9 желтоқсанда Мюнхенде Германияға қарсы жолдастық матч өткізеді.
Қазақстандық футзал клубы «Семейдің» екі бразилиялық легионері — Энрике Педриньо мен Габриэль Кандидо — Бразилияның ұлттық құрамасына шақырту алды.
Клубтың хабарлауынша, қос ойыншы алты дүркін әлем чемпионы саналатын Бразилияның құрамы қатарына енді. Бас бапкер Маркиньос Шавьер декабрь айындағы Германияға қарсы жолдастық матчқа 14 футзалшыны таңдаған.
Кездесу 9 желтоқсанда Мюнхендегі SAP Garden аренасында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен 23:00-ге белгіленген.
Педриньо мен Кандидо бұған дейін Бразилияның жастар құрамасында өнер көрсетіп, CONMEBOL аясындағы оңтүстікамерикалық Эволюция лигасының жеңімпаздары атанған. Ал Кандидо бұған дейін негізгі ұлттық құрама сапында да ойнап, 2025 жылдың сәуірінде Аргентинаға қарсы жолдастық матчтарда гол соққан.
Педриньо «Семейге» 2025 жылдың тамызында қосылса, Кандидо қазақстандық клубтың намысын 2024 жылдың тамызынан бері қорғап келеді. Биылғы маусымда қос ойыншы командаға УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығуға көмектесті.
Бұл кезеңде «Семей» украиналық «Атлетикпен» кездеседі: алғашқы матч 24 қарашада сырт алаңда, қарымта ойын 5 желтоқсанда Қазақстанда өтеді.