Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Карлсенге қарсы алғашқы партияда есе жіберді

Будапештте өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінде Бибісара Асаубаева норвегиялық Магнус Карлсенмен алғашқы партиясын ойнады. Бұл кездесуде тәжірибелі гроссмейстер алға шығып, қарсыласын 1:0 есебімен басып озды.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінде 16 дүркін әлем чемпионы норвегиялық Магнус Карлсенге қарсы алғашқы партиясын өткізді.

Қос қарсылас Knockout 5 плей-офф сеткасының жартылай финалында кездесіп, онда 17-20-орындар сарапқа салынып жатыр. Күннің алғашқы партиясында Карлсен басым түсіп, қарсыласымен ойында 1:0 есебімен алға шықты.

Матч екі ойын күнінен тұрады: D1 және D2. Әр күнде шахматшылар төрт блиц, екі рапид және бір жылдам классика партиясын ойнайды.

Осылайша, Асаубаеваның жағдайды өзгертіп, қарсыласын қуып жетуге әлі мүмкіндігі бар.

Бұл сетканың екінші жартылай финалында ресейлік Владислав Артемьев пен америкалық Эндрю Хонг өзара сынға түсіп жатыр.