«Барыс» Хантер Шепардпен келісімшартты бұзды
Астаналық «Барыс» америкалық қақпашы Хантер Шепардпен келісімшартты өзара келісіммен тоқтатты. Ол клуб сапында осы маусымда 13 матч өткізді.
Астаналық «Барыс» америкалық қақпашы Хантер Шепардпен келісімшартты өзара келісім бойынша бұзғанын хабарлады.
Шепард клубқа осы жазда қосылған еді. Қазіргі тұрақты чемпионатта ол 13 матч өткізіп, сенімділік коэффициенті 3,37 болды және соққылардың 87,5 пайызын қайтарды.
Клуб хоккейшіге еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі.
«Барыстың» келесі матчы 18 қарашада сырт алаңда «Салават Юлаевқа» қарсы өтеді. Кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.