«Горняк» сырт алаңда «Ақтөбені» ірі есеппен ұтты
Рудныйдың «Горняк» клубы Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымында «Ақтөбені» 5:1 есебімен жеңді. Қонақтар екінші кезеңде үш шайба соғып, матч тағдырын ерте шешті.
Рудныйдың «Горняк» хоккей клубы Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымында сырт алаңда «Ақтөбені» 5:1 есебімен ойсырата жеңді.
Данила Платонов 5-минутта есеп ашты, алайда Глеб Астраханцев 11-минутта таразы басын теңестірді. Осылайша бірінші кезең 1:1 есебімен аяқталды.
Екінші кезеңде қонақтар басымдықты толық өз қолына алды. Никита Ляпунов 26-минутта «Горняқты» қайта алға шығарса, Оскар Юлбарисов 35-минутта азшылықта гол соқты. 39-минутта Владимир Кротов есепті 4:1-ге жеткізді.
Үшінші кезеңде Кирилл Канкин 49-минутта бесінші шайбаны енгізіп, рудныйлық клубтың ірі жеңісін бекітті.
Осы нәтижеден кейін «Горняк» 34 ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. «Ақтөбенің» еншісінде 9 ұпай қалып, команда соңғыдан бір саты жоғары тұр.