Футбол

Максим Самородов Молдоваға қарсы матчтан кейін қызыл қағаз алды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Молдоваға қарсы 1:2 есебімен аяқталған ойынан кейін алаңнан қуылды. Енді ол Словакияға қарсы соңғы матчта командасына көмектесе алмайды.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Лига нацияларының 5-туры аясында Молдоваға қарсы өткен матчтан (1:2) кейін қызыл қағаз алды.

Ойынның финалдық ысқырығынан кейін бас төреші Андреа Коломбо Самородовқа әуелі сары қағаз көрсетті. Ал көп ұзамай ойыншының сөйлегеніне байланысты екінші сары қағаз беріп, алаңнан қуып шықты.

Осылайша, Самородов Қазақстан құрамасының Словакияға қарсы соңғы матчына қатыса алмайды.

Пяті ойыннан кейін Қазақстанның қоржынында небәрі 2 ұпай бар. Джон ван ’т Схип жаттықтыратын команда әзірге жеңіске жете алған жоқ: екі рет тең ойнап, үш мәрте жеңіліске ұшырады.

Қазақстан мен Словакия арасындағы матч 16 қарашада Астанада өтеді.