Футбол

Беларусьтен жеңілгеннен кейін Қазақстан футзал құрамасы УЕФА рейтингінде төмендеді

Қазақстан футзал құрамасы УЕФА-ның жаңартылған рейтингінде алтыншы орынға түсті. Бұған Беларусьтен әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде болған жеңіліс әсер етті.

Қазақстан футзал құрамасы Беларусьтен жеңілгеннен кейін УЕФА-ның жаңартылған ұлттық құрамалар рейтингінде алтыншы орынға төмендеді.

12 қарашадағы мәлімет бойынша, қазақстандық команданың еншісінде 2304,046 рейтингтік ұпай бар. Бұған дейін Қазақстан төртінші орында тұрған еді.

Еуропа рейтингін Португалия 2970,595 ұпаймен бастап тұр. Екінші орында — Испания (2842,153), үшінші орында — Ресей (2547,128).

Одан кейін Украина (2353,333) мен Франция (2326,227) орналасқан. Беларусь бірден бес саты жоғары көтеріліп, алғаш рет Еуропаның үздік ондығына енді. Қазір бұл құрама оныншы орында және 1893,463 ұпай жинаған.

Өзгеріс 2028 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Беларусьтің нәтижелеріне байланысты болды. Бұл команда алдымен Албанияны 8:2 есебімен ұтып, кейін Қазақстанды 5:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы іріктеудің алғашқы матчында Беларусьті 5:4 есебімен тізе бүктірген еді.