Садулаев Астанадағы әлем чемпионатындағы өнері туралы айтты
Екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев Астанадағы әлем чемпионатына қаншалықты дайын болғанын айтып берді. Ол жарыста қола медаль алып, Кайл Снайдермен болған белдесуге де тоқталды.
Екі дүркін Олимпиада чемпионы, күресші Абдулрашид Садулаев Астанада өткен әлем чемпионатындағы дайындығына баға берді.
Ол жанкүйерлер үшін тұғырдың үшінші сатысында тұруы тосын болғанын айтты. Садулаевтың сөзінше, бұл оның мансабындағы алғаш рет жұбаныш белдесуіне шығуы болған.
«Білесіздер ме, мен үздік үштікке ендім. Жанкүйерлерге, қолдаушыларға менің пьедесталда үшінші орында тұруым үйреншікті емес, әрине. Мен үшін де бұл алғаш рет болды — жұбаныш белдесуінде күрестім. Тіпті жігіттерден жұбаныш белдесулері қашан болады, келесі күні ме деп сұрап жүрдім. Форматты да, қашан шығу керек екенін де білмедім», — деді ол.
Садулаевтың айтуынша, Кайл Снайдермен кездесулер әдетте финалда өтетін. Ал бұл жолы олар жартылай финалға шығу үшін белдесті. Екеуінің өзара кездесулеріндегі есеп қазір 3:3.
«Біз Снайдермен көбіне финалда кездесетінбіз. Бұл жолы жартылай финалға шығу үшін күрестік. Біз бірнеше рет кездескенбіз, шамамен бұл алтыншы кездесу шығар. Жалпы есеп — 3:3. Бұл тарих жалғасып жатыр. Келесі жылы әлем чемпионаты Америкада, оның өз елінде өтеді. Тіземе келсем, иә, мен дайынмын деп ойладым. Бірақ шын мәнінде 100 пайыз емес екен. Пайызбен айтсам, шамамен 60 пайыз болды», — деді Садулаев.
Астана төріндегі әлем чемпионатында Садулаев қола медальға қол жеткізді. Ол ширек финалда Снайдерден 4:4 есебімен жеңіліп қалды.