Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасының финалында күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали Дакарда өткен жасөспірімдер Олимпиадасының финалында Бразилия өкілі Сара Кампосқа есе жіберді. Жекпе-жектен кейін ол көз жасына ерік берді.
Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали Сенегалдың Дакар қаласында өткен 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының финалында жеңіске жете алмады. Ол Бразилия өкілі Сара Кампосқа есе жіберді.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші айқас 1:4 есебімен қарсыласының пайдасына аяқталды. Тұрсынғали бірінші раундта басым түскенімен, екінші раундта нокдаунға түсіп қалды.
Нәтижесінде қазақстандық спортшы алтын медаль ала алмады. Марапаттау рәсімі кезінде Ақнұр көз жасын тыя алмады.
Осылайша, Тұрсынғали жарысты күміс жүлдемен аяқтады. Бұл оның Олимпиада алтынына бір қадам қалған сәті болды.