Соболенко WTA-де он жылдық рекорд орнатты
Беларусь теннисшісі Арина Соболенко соңғы он жылда бірде-бір ойыншы қайталамаған жетістікке қол жеткізді. Ол WTA Қорытынды турниріне қатарынан алты маусым жолдама алып, оған қатысқан алғашқы спортшы атанды.
Әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко әйелдер теннисінде сирек кездесетін көрсеткішке жетті.
Ол соңғы он жылда WTA Қорытынды турниріне қатарынан алты маусым жолдама алып, сол жарысқа үздіксіз қатысқан алғашқы теннисші болды. Соболенко бұл межеге 2021 жылдан 2026 жылға дейін қол жеткізді.
ХХІ ғасырда мұндай нәтижені соңғы рет Польшаның теннисшісі Агнешка Радваньска тіркеген. Ол 2011-2016 жылдары Қорытынды турнирге алты жыл қатарынан қатысқан.
Осы жетістігі арқылы Соболенко Виктория Азаренко, Петра Квитова және Каролина Плишкова сияқты теннисшілердің көрсеткішінен асып түсті. Олардың әрқайсысы бұл турнирге қатарынан бес маусым шыққан.
WTA-2026 Қорытынды турнирі америкалық Индиан-Уэллсте өтіп жатыр. Топтық кезеңде Соболенко чехиялық Каролина Муховамен кездеседі. Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина вирус жұқтыруына байланысты жарыстан шығып қалды.