Жаңалықтар

Қазақстан мен Беларусь футзал құрамаларының құрамы белгілі болды

2028 жылғы әлем чемпионаты іріктеуіндегі Қазақстан мен Беларусь арасындағы ойынға екі құраманың да тізімі жарияланды. Кездесу Словакияда өтіп, Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де басталады.

2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Беларусь пен Қазақстан арасындағы матчқа екі құраманың да ойыншылары белгілі болды.

Беларусь сапында Лукша, Щербич, Шведко, Крыкун және Батурин негізгі бестікке енді. Қосалқы тізімде Антонов, Шадурка, Селюк, Манаенков, Пинчук, Семенюк, Якубов, Дубков және Синицкий бар.

Қазақстан құрамасының бастапқы бестігіне Игита, Тұрсағұлов, Оразов, Төрегәзин және Пиялы кірді. Ал тізімдегі қосымша ойыншылар қатарында Серіков, Кнауб, Валиуллин, Рашит, Ақбаликов, Эдсон, Қайырбай, Дуглас және Дерябин бар.

Матч 10-нан 11 қарашаға қараған түні Словакияның Гуменне қаласында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Бұл қос құраманың топтағы алғашқы кездесуі 26 қазанда Астанада өтіп, Қазақстанның 5:4 есебімен жеңісімен аяқталған еді. Ол матчта Эдсон хет-трик жасаса, Альберт Ақбаликов пен Лео Игита бір-бір голдан соқты.