Күрес

Усман Нұрмағомедов UFC-ге ауысу туралы шешім қабылдады

Ресейлік ММА шебері Усман Нұрмағомедов UFC-мен келісімшарт шарттарын келісіп, ұйым қатарына қосылды. Оның жаңа лигадағы таныстырылымы Нью-Йоркте өтетін UFC 334 турнирінде жоспарланып отыр.

Жеңіліп көрмеген ресейлік ММА жұлдызы Усман Нұрмағомедов (22-0) UFC-ге ауысады. Ол лига өкілдерімен келісімшарт шарттарын келісіп, ұйымның жеңіл салмақтағы тізіміне енді.

Хабиб Нұрмағомедовтың немере інісі ретінде танымал спортшының UFC-дегі тұсаукесері Нью-Йорктегі «Мэдисон-сквер-гарден» аренасында өтетін UFC 334 турнирінде болуы керек.

Нұрмағомедов бұған дейін өнер көрсеткен PFL лигасымен міндеттемесін толық аяқтады. Ол соңғы жекпе-жегін 31 шілдеде PFL New York турнирінде өткізіп, америкалық Арчи Колганды бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Осылайша, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін де сақтап қалды.

Бұған дейін Усман Нұрмағомедовтің PFL-мен келісімшартты ұзарту жөніндегі ұсыныстан бас тартқаны, ал ұсынылған гонорары жекпе-жекке екі миллион доллардан асатыны хабарланған.