Футбол

Нұралы Әліп «Зениттің» «Ростовқа» қарсы негізгі құрамына енбеді

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зениттің» Ресей премьер-лигасындағы «Ростовқа» қарсы ойынында бастапқы құрамға қосылмады. Матч 8 қарашада Санкт-Петербургтегі «Газпром Аренада» өтеді.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зениттің» Ресей премьер-лигасының 14-туры аясындағы «Ростовқа» қарсы үй матчында негізгі құрамнан тыс қалды.

Кездесудің басталуы 8 қарашада сағат 20:30-да Қазақстан уақытымен белгіленген. Ойын Санкт-Петербургтегі «Газпром Аренада» өтеді.

«Зенит» бапкерлер штабы бастапқы құрамға Москвичев, Нино, Андраде, Карпукас, Сантос, Мантуан, Барриос, Глушенков, Педро, Луис Энрике және Соболевті қосты.

Ал қосалқы құрамда Адамов, Зайцев, Караваев, Әліп, Вега, Дивеев, Вендел, Джон Джон, Мусаев, Кондаков, Шилов және Аугусто бар.

Қазіргі таңда «Зениттің» еншісінде 30 ұпай бар, команда турнир кестесінде екінші орында тұр. «Ростов» 18 ұпаймен жетінші сатыда келеді.