Хоккей

Қазақстан мен Оңтүстік Корея Азия чемпионатының алтынын сарапқа салады

8 қараша күні Қытайдың Чонджу қаласында хоккейден Азия-2027 чемпионатының шешуші матчы өтеді. Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесіп, турнир жеңімпазын анықтайды.

Жексенбі, 8 қараша күні Қазақстан құрамасы хоккейден Азия-2027 чемпионатында Оңтүстік Кореямен кездеседі. Ойын Қытайдың Чонджу қаласында өтеді.

Кездесу Қазақстан уақытымен 13:30-да басталады. Матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей тамашалауға болады.

Бұл ойынның қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы анықталады. Қазақстан жарысты Жапонияны 3:2 есебімен ұтып бастады, кейін Қытайды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Оңтүстік Корея алғашқы матчында Қытайды 3:1 есебімен тізе бүктіргенімен, кейін Жапониядан 3:5 есебімен жеңілді. Екі турдан кейінгі кестеде Қазақстанның еншісінде 6 ұпай бар, Жапония мен Оңтүстік Кореяда — 3 ұпайдан, Қытайда — 0 ұпай.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі мәрте чемпион атанған. Команда 2025 жылы Алматыда және 2026 жылы Қытайдың Пекин қаласында алтын медаль жеңіп алған.