«Ордабасы» Қатарынан екі трофей алып, Қазақстан Кубогын жеңіп алды
Түркістандағы финалда шымкенттік «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен ұтып, Қазақстан Кубогын иеленді. Осылайша команда маусымды тарихи алтын дубльмен түйіндеді.
Түркістандағы «Түркістан Аренада» өткен Қазақстан Кубогының финалында шымкенттік «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен ойсырата ұтып, трофейді өз қолына алды.
Финал алдында қағаз жүзінде фаворит айқын көрінгенімен, «Қайсар» жол-жөнекей «Қайрат» пен «Тоболды» жарыс жолынан шығарып, күтпеген нәтиже көрсетуге қабілетті екенін дәлелдеген еді. Соған қарамастан, шешуші ойында шымкенттіктер өз артықшылығын ерте көрсетті.
Кездесудің 7-минутында Лео Натель бастаған шабуыл нәтижесінде Жасұлан Аман сұрмергенге доп жеткізді, ал голкиперден қайтқан допты Сұлтанбек Астанов қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты. 11-минутта Сұлтанбек тағы бір мүмкіндікке ие болды, алайда бұл жолы бос қақпаға дәл түсе алмады.
Ойын тізгінін толық қолға алған «Ордабасы» 41-минутта екінші голын соқты. Йонсен қарсыластың айып алаңы маңында допты қағып алып, Лео Натель арқылы Абагнаға шығарды, ал ол бірден Бьорн Йонсенге пас берді. Норвегиялық шабуылшы есепті 2:0-ге жеткізді.
Осылайша «Ордабасы» Қазақстан Кубогын жеңіп қана қоймай, маусымдағы чемпиондық атағымен бірге тарихи алтын дубльді де рәсімдеді.