Жаңалықтар

Асем Орынбай Қазақстанға 2028 жылғы Олимпиадаға алғашқы лицензия әкелді

Қазақстандық стенд атушы Асем Орынбай Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы жазғы Олимпиадаға ел қоржынына алғашқы лицензияны салды. Ол Катарда өтіп жатқан лицензиялық әлем чемпионатында скит бағдарламасында финалға шықты.

Қазақстандық спортшы Асем Орынбай Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Бұл — Қазақстан үшін осы додаға берілген алғашқы лицензия.

Стенд атудан Катарда өтіп жатқан лицензиялық әлем чемпионатында Орынбай скит бағдарламасында финалға дейін жетіп, шешуші кезеңде 8 спортшының ішінде 5-орын алды. Осы нәтижесі арқылы ол Олимпиадаға қатысу құқығына ие болды.

Бұл сында медальдің бәрі қытайлық спортшыларға бұйырды: Цзян Итин алтын алды, Чэнь Юйфэй күміс иеленді, ал қола Цзян Чаоюйға тиді. Моника Штибрава төртінші орынмен шектелді.

33 жастағы Асем Орынбай үшін алдағы Олимпиада мансабындағы үшінші дода болуы мүмкін. Ол бұған дейін Токио-2020 және Париж-2024 ойындарына қатысып, Франция астанасындағы жарыста 12-орын алған еді. Оның қоржынында сондай-ақ 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі, 2022 жылғы Азия ойындарының екі алтыны, сол жылғы Азия чемпионы атағы және 2026 жылғы Азия ойындарының қола медалі бар.