Василий Ломаченко кәсіпқой рингке қайта оралды
Украиналық боксшы Василий Ломаченко Top Rank компаниясымен келісімшартқа отырып, кәсіпқой мансабын қайта бастады. Ол 2027 жылдың басында рингке шығатынын мәлімдеді.
Үш салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Василий Ломаченко Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімге келді.
Украиналық боксшы кәсіпқой мансабын қайта жалғастырып, Top Rank және Loma Power Promotions компанияларымен бірлесіп ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойған.
«Василий Ломаченко 2027 жылдың басында рингке қайта оралады», — делінген хабарламада.
Ломаченко кәсіби мансабын 2025 жылдың маусымында, 37 жасында аяқтағанын жариялаған еді. Ол соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың мамырында Австралияда өткізіп, Джордж Камбосос-младшийді 11-раундтағы техникалық нокаутпен жеңіп, IBF белбеуін иеленген.
Top Rank компаниясымен қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы да жұмыс істейді. Сондай-ақ бұл ұйыммен Наоя Иноуэ, Шакур Стивенсон, Кейшон Дэвис, Эмануэль Наваррете, О’Шаки Фостер және Ксандер Зайяс сияқты танымал спортшылар ынтымақтастықта.