Бокс

Алуа Балкибекова Азия ойындарынан кейінгі жағдайы туралы айтты

Екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балкибекова Таразда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатын тамашалап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол Азия ойындарынан кейін аздаған жарақат алғанын айтып, емделу мен қалпына келу кезеңінен өтіп жатқанын жеткізді.

Екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балкибекова Таразда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатындағы жекпе-жектерді бағалап, алдағы жоспарлары мен денсаулығы туралы пікір білдірді.

Боксшының айтуынша, Азия ойындарынан кейін аздаған жарақаттар алған. Қазір ол сол жарақаттарды емдеп, оңалту курсынан өтіп жатыр. Осы себепті спортшы біраз уақытқа жарыстардан шет қалғанын айтты.

— Слава богу, всё хорошо. Алуа Таразға арнайы келіп, өз жерлестерін, Алматыдан барған қыздарды және ұлттық құрамадағы боксшыларды қолдағанын жеткізді. Ол рингке шыққан спортшылардың көпшілігі жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын атап өтті.

Боксшының басты мақсаты — алдағы лицензиялық әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалу. Ол алдымен барлық жарақатын толық емдеп алып, содан кейін жаттығу жұмысына қайта кірісетінін айтты. Ал одан кейін Олимпиадаға жол ашылса, соған да бар күшін салуға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Балкибекова 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алған болатын. Ол жарысты Үндістан өкілі Сакши Чаудхариден 3:2 есебімен басым түсіп бастаған, ширек финалда жапониялық Юна Нишинаканы жеңген. Алайда жартылай финалда вьетнамдық Нгуен Тхи Тамнан 0:5 есебімен ұтылды.