Фатима Супыгалиева жасөспірімдер Олимпиадасындағы алтынға қысқа ғана жауап берді
Қазақстандық дзюдошы Фатима Супыгалиева Дакардағы 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіп алған алтын медаліне эмоциялық түрде үн қатты. Ол финалдағы сәттер мен марапаттау рәсімінен фото жариялап, қуанышын қысқа сөзбен жеткізді.
Қазақстандық дзюдошы Фатима Супыгалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жеңісіне әлеуметтік желіде қысқаша жауап берді.
Спортшы инстаграм парақшасына шешуші белдесу мен марапаттау рәсімінен түсірілген бірнеше суретті жариялады. Жазбасына ол: «Альхамдулилла («Аллаға мадақ»)!» деген сөзді ғана қалдырып, медаль эмодзиін қосты.
52 келіге дейінгі салмақтағы финалда Супыгалиева Португалия өкілі София Гаспармен кездесті. Қазақстандық дзюдошы белдесуді екі минут 33 секундта иппонмен мерзімінен бұрын аяқтады.
Бұл медаль Қазақстан үшін 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын болды. Бұған дейін Супыгалиева осы маусымда жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында да топ жарған еді.