Күрес

Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында финалға жолдама алды. Ол жартылай финалда жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен жеңді.

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында финалға шықты. Ол 74 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен ұтты.

Қайпанов жарысты сенімді бастады. Алғашқы белдесуде ол Косово өкілі Эгзон Хониді 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңсе, кейін әзербайжандық Туран Байрамовтан 4:0 есебімен басым түсті.

Ширек финалда қазақстандық балуан Тәжікстан спортшысы Виктор Рассадинді 11:0 есебімен ойсырата ұтып, жартылай финалға жолдама алған еді.

Аояги 1/8 финалда Испания атынан сынға түскен Мұхаммад Моттағинийаны 4:1 есебімен жеңді. Одан кейін ширек финалда Бахрейн намысын қорғаған Магомедрасул Аслуевтен 5:2 есебімен басым түсті.

Нұрқожа Қайпанов — 2024 жылғы әлем чемпионы, 2019 жылғы күміс жүлдегер және 2025 жылғы қола жүлдегер. Ал Аоягидің қоржынында 2025 жылғы әлем чемпионатының алтыны мен 2024 жылғы күмісі бар. Бұл марапаттардың бәрі екеуіне де 70 келіге дейінгі салмақта бұйырған.

Осылайша, Қазақстан балуандары елде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына алғаш рет шықты.