Астанада Кайл Дэйк бесінші рет әлем чемпионы атанды
АҚШ-тың еркін күрес шебері Кайл Дэйк Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол осылайша мансабында бесінші рет әлем чемпионы атанды.
АҚШ-тың еркін күрес шебері Кайл Дэйк Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Осылайша ол спорттық жолында бесінші рет әлем чемпионы атанды.
86 келіге дейінгі салмақта өткен финалда тәжірибелі америкалық балуан Әзербайжан өкілі Арсений Джиоевпен күресті. Тартысты өткен белдесу Дэйктің 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде 97 келіге дейінгі салмақта да АҚШ балуаны Кайл Снайдер әлем чемпионы атанған еді. Ол финалда жапониялық Араш Йошиданы жеңді.
Бүгін Қазақстаннан да жағымды жаңалық жетті: еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанадағы үй чемпионатында тұңғыш финалға шықты. 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етіп, ресейлік Иналбек Шерияевпен тарихи алтын үшін күресуге мүмкіндік алды.
Астанадағы әлем чемпионаты 24 қазанда басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады. Тоғыз күн ішінде еркін, грек-рим және әйелдер күресінен 30 медаль жиынтығы сарапқа салынады, ал Қазақстанда шамамен 900 спортшы бақ сынап жатыр.