Армат Арманулы Актөбеде өткен титулдық жекпе-жекте жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Армат Арманулы өз белдігін қорғап, угандалық Шадири Бвогиді техникалық нокаутпен ұтты. Жекпе-жек сегізінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.
Қазақстандық боксшы Армат Арманулы мен угандалық Шадири Бвоги Актөбеде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасты.
Орта салмақта өткен титулдық айқаста Арманулы өзіне тиесілі WBA Asia чемпиондық белдігін бәске тіккен болатын. Жекпе-жек он раундқа жоспарланғанымен, ол сегізінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Сегізінші раундта Бвоги екі мәрте нокдаунға түсті. Осыдан кейін ол ринг бұрышына отырып қалып, төреші кездесуді тоқтатуға шешім қабылдады да, жеңісті қазақ боксшысына берді.
Осылайша, Армат Арманулы кәсіпқой мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, чемпиоnдық атағын сақтап қалды. Ал Шадири Бвоги кәсіпқой рингтегі екінші жеңілісіне ұшырады.
Бвоги бұрын Уганда чемпионы атанған, Африка бокс одағының белдігін иеленген және WBC International титулы үшін де жұдырықтасқан.