Футбол

Роналду хет-триктің арқасында мансабындағы 985-голға жетті

Криштиану Роналду «әл-Насрдың» «әл-Хулудқа» қарсы 5:3 есебімен жеңіске жеткен матчында хет-трик жасап, мансабындағы гол санын 985-ке жеткізді. Португалиялық шабуылшы 15 минут ішінде үш гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Криштиану Роналдуның хет-тригі «әл-Насрға» Сауд Арабиясы Про лигасында «әл-Хулудты» 5:3 есебімен ұтуға көмектесті. Осы ойыннан кейін португалиялық шабуылшының мансабындағы гол саны 985-ке жетті.

Есеп 2:2 болып тұрғанда, «әл-Наср» сапынан Анжело Габриэл мен Садио Мане гол соққан еді. Алайда Роналду екінші таймдағы 15 минуттың ішінде үш рет мергендік танытып, матчтың тағдырын шешті.

Оған қоса, Роналдудың Португалия құрамасындағы әріптесі Жоау Феликс төрт нәтижелі пас берді, соның екеуі дәл Роналдудың голдарына жол ашты.

Бұл — 41 жастағы футболшының мансабындағы 67-хет-трик. Ол әлі де жаңа межелерге ұмтылып келеді.

Роналду хет-триктерінің жетеуін «әл-Насрда» жасады. Бұған дейін ол «Реал Мадридте» 44, Португалия құрамасында 10, «Манчестер Юнайтед» пен «Ювентуста» үш-тен хет-трик орындаған.

Бес мәрте «Алтын доп» иеленген футболшы Англия, Испания, Италия және Сауд Арабиясында чемпион атанған. Сонымен бірге ол ерлер арасындағы халықаралық футбол тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы саналады.

Роналду Сауд Арабиясы Про лигасының қазіргі чемпионы «әл-Насрда» төрт жылға жуық уақыт өткізіп келеді, оның келісімшартында тағы бір жыл бар. Тамыз айында ол мансабын аяқтау мүмкіндігі туралы да айтып, биылғы маусым «мүмкін» соңғысы екенін меңзеген еді.