Астанада өтіп жатқан еркін күрестен 2026 жылғы әлем чемпионатында америкалық Боуэн Уильям Бассетт әсерлі жеңіске жетті.
65 келіге дейінгі салмақта ол Ресей спортшысы Абасгаджи Магомедовпен жартылай финалға жолдама үшін белдесті. Жас балуан 2:12 есебімен қалып қойғанына қарамастан, соңғы минуттарда таразы басын өз пайдасына аударып, 14:13 есебімен жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін Бассетт жартылай финалға шығып, Тәжікстан өкілі Абдулмажид Кудиевпен күш сынасады.
Бұл салмақтағы екінші жартылай финалда Армения балуаны Вазген Теванян мен Болгария намысын қорғайтын Шамиль Мамедов кездеседі. Жартылай финалдық бәсекелер 16:30-да басталады.