Жаңалықтар

Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстанның семсерлесу құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында үш жүлдеге ие болды. Кирилл Проходов алтын, Кайша Жаныбек күміс, Диляра Исабекова қола медаль еншіледі.

Қазақстанның семсерлесу құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды.

Кирилл Проходов ерлер арасындағы жеке сайыста алтын медальға қол жеткізді. Шпагамен өткен финалда ол Гонконг өкілі Вонг Пак Юды 15:12 есебімен жеңді.

Қыздар арасындағы жекелей сыннан да Қазақстан жүлде алды. Кайша Жаныбек қылыш қаруымен өткен жарыста финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Гонконг спортшысы Джейн Саммер Ситке 8:15 есебімен есе жіберді.

Диляра Исабекова сабля бойынша жарысты үшінші орынмен аяқтап, қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатын үш медальмен түйіндеді.