Синдаров пен Гукеш ойыны шахмат тарихындағы ең жас финал болмақ
Жавохир Синдаров пен Гукеш Доммараджу арасындағы алдағы әлем чемпионаты матчы тарихтағы жасы ең төмен қарсыластық ретінде тіркеледі. ФИДЕ бұл кездесуді 1886 жылдан бергі ең жас чемпиондық матч деп таныды.
Өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров пен Үндістан өкілі, қазіргі әлем чемпионы Гукеш Доммараджу арасындағы шахмат тәжіне талас тарихтағы ең жас матч болады.
ФИДЕ таратқан рейтингте 1886 жылдан бергі ең жас бес әлем чемпиондық матчы көрсетілді. Сол тізімнің басына дәл осы Синдаров пен Гукештің кездесуі шықты.
Бірінші партия кезінде Гукеш 20 жас 179 күнге, ал Синдаров 20 жас 351 күнге толады. Осылайша, олардың жалпы жасы бұрынғы барлық тарихи қарсыластықтардан төмен болып, жаңа рекорд орнатпақ.
Бұл көрсеткіш тіпті 1984 жылғы Гарри Каспаров пен Анатолий Карпов арасындағы әйгілі матчтың да нәтижесін жаңартады. Бұған дейінгі ең жас чемпиондық кездесулердің қатарында Дин Лижэнь — Гукеш, Карлсен — Карякин және Карлсен — Каруана партиялары болған.
Матч 24 қарашадан 12 желтоқсанға дейін Женевада өтеді. Жүлде қоры 2,5 миллион долларды құрайды. Синдаров әлемдік шахмат тәжіне Турнир претенденттері-2026 жарысындағы жеңісінен кейін таласуға мүмкіндік алды.