Қазақ хоккейшілері ойнаған «Торунь» Польша чемпионатында 11:0 есебімен жеңді
Польша чемпионатының тұрақты маусымында «Торунь» «Новый Таргты» ірі есеппен ұтты. Вячеслав Колесников бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Польша чемпионатының тұрақты маусымында «Торунь» өз алаңында «Новый Таргты» 11:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл клуб сапында қазақстандық хоккейшілер Роман Калмыков пен Вячеслав Колесников өнер көрсетеді.
Осы кездесуде қазақстандық шабуылшы Вячеслав Колесников бір шайба салып, екі нәтижелі пас берді. Ал Роман Калмыков бұл матчқа қосалқы қақпашы ретінде енгізіліп, 34-36 минуттар аралығында мұз айдынында болды.
26 жастағы Колесников үшін бұл маусымдағы көрсеткіш айтарлықтай жақсарды. Ол Польша чемпионатының 11 ойынында 8 ұпай жинап, 3 гол мен 5 нәтижелі пасқа қол жеткізді.