Күрес

Майк Мэлотт UFC Edmonton турнирінің басты жекпе-жегінде Хоакин Баклиді нокаутқа түсірді

Эдмонтонда өткен UFC Fight Night кешінің негізгі айқасында канадалық Майк Мэлотт америкалық Хоакин Баклиді екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Жекпе-жек 2 минут 32 секундта аяқталды.

Канададағы Эдмонтон қаласында өткен UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта канадалық Майк Мэлотт пен америкалық Хоакин Бакли кездесті.

Айқас екінші раундта аяқталды. Мэлотт қарсыласын басынан дәл тиген тізе соққысымен сұлап түсіріп, ауыр нокаутқа жіберді. Төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты. Кездесу 2 минут 32 секундта тәмам болды.

Алғашқы раундта тартысты шайқас өрбіді, алайда шешуші кезеңде канадалық спортшы мүмкіндігін мүлт жібермеді. Клинчтегі алмасудан кейін ол Баклидің иегіне дәл соққы дарытып, кештің басты жекпе-жегін әсерлі нүктемен аяқтады.

Бұл жеңіс Мэлотт үшін UFC-дегі қатарынан бесінші табыс болды. Жекпе-жек алдында канадалық файтер дивизион рейтингінде 13-орында тұрса, Бакли 10-сатыда болған. Америкалық спортшы қатарынан үшінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетерлігі, UFC-дің жартылай орта салмақ дивизионында жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді. Ол тізе жарақатына байланысты ұзақ уақыттан бері октагонға шыққан жоқ.