Жәнібек Әлімханұлы 23 қаңтарда әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен дат спортшысы Джэйкоб Бэнк WBO тұжырымы бойынша бос тұрған әлем чемпиондық белбеуі үшін кездеседі. Жекпе-жек 23 қаңтарда Данияның Хорсенс қаласында өтеді.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен дат жұдырықтасушы Джэйкоб Бэнк WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы бос тұрған әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
Жекпе-жек 23 қаңтар күні Данияның Хорсенс қаласында өтеді. Салмақ дәрежесі — 76,2 келіге дейін.
Әлімханұлы бұл кездесуге 17 жеңіс, 12 нокаут нәтижесімен келеді. Оның қарсыласы Бэнктің қоржынында 20 жеңіс бар, соның 9-ы нокаутпен аяқталған.