Күрес

Марсель Нурланбек уулы мен Ануарбек Бекембетов титул үшін жұдырықтасады

Қырғызстандық ММА шебері Марсель Нурланбек уулы қазақ файтері Ануарбек «Мотиватор» Бекембетовпен BNF белдігі үшін жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді. Кездесу 5 желтоқсанға жоспарланып отыр.

Қырғызстандық ММА жауынгері Марсель Нурланбек уулы IBA Nomad лигасының жаңа BNF титулы үшін қазақстандық Ануарбек «Мотиватор» Бекембетовпен айқасатынын жариялады.

Жекпе-жек 5 желтоқсанда өтеді. Салмақ дәрежесі 70 келі болатыны айтылды.

Марсель Нурланбек уулы: «5 желтоқсанда Ануарбек «Мотиватор» Бекембетовпен BNF белдігі үшін жұдырықтасамын».

Екі спортшының алғашқы кездесуі 2024 жылғы 13 шілдеде Алматыда өткен Hardcore MMA турнирінде болған еді. Ол айқас бірінші раундтың 41-секундында қырғызстандық файтердің жеңісімен аяқталған, ол қарсыласын ауырту әдісімен тізе бүктірген.

Бұған дейін Бекембетовтің өзі Марсельмен титулдық жекпе-жекке жеке келісімге келгенін растаған.