Азамат Бақытов Ташкенттегі жекпе-жекте бірінші раундта жеңілді
Қазақстандық Азамат Бақытов Ташкентте өткен IBA Nomad 16 турнирінде өзбекстандық Ислам Балтаевқа есе жіберді. Жекпе-жек бірінші раундта нокаутпен аяқталды.
Қазақстандық Азамат «Зло» Бақытов Ташкентте өткен IBA Nomad 16 турнирінде өзбекстандық Ислам Балтаевпен күш сынасты.
Орта салмақта өткен бұл жекпе-жек ММА қолғаптарымен, бокс ережесі бойынша және үш раундқа жоспарланған еді.
Кездесудің тағдырын бірінші раундтың өзінде-ақ өзбекстандық спортшы шешті. Ислам Балтаев нокаутпен жеңіске жетіп, лигадағы дебютін сәтті өткізді.
Ал Азамат Бақытов үшін бұл жеңіліс мансабындағы үшінші сәтсіздік болды. Бұған дейін оның Nomad Fighting лигасындағы көрсеткіші 3-2 еді.
Балтаевтың кәсіби мансабындағы нәтижесі қазір 9-4, ал Бақытовтың профи-ММА-дегі статистикасы 8-0 болып тұр.