УЕФА «Рига» – «Қайрат» кездесуінің статистикасын жариялады
Лига конференциясының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда «Рига» мен «Қайрат» 1:1 есебімен тең түсті. УЕФА мәліметтері бойынша, матчта латвиялықтар соққы, шабуыл және допқа иелік ету көрсеткіштерінде басым болды.
УЕФА «Рига» мен «Қайрат» арасындағы алғашқы тур матчының статистикасын жариялады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталып, қос тарап бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті.
Хозяевалар қақпаға көбірек соққы жасады — 18-12, оның ішінде қақпа нысанасына дәл тигені — 8-4. Сондай-ақ «Рига» ойын бойы допты көбірек ұстап, шабуыл жасауда да алға шықты: 59% қарсы 41%, ал шабуыл саны 27-18 болды.
«Қайрат» бұрыштама добын көбірек орындады — 3-2. Ал пас беру мен оның дәлдігі жағынан латвиялық команда басым түсті: 613-353, нақты пастар бойынша — 545-289, дәлдік көрсеткіші — 89% және 82%.
Тәртіп жағынан қонақтар жиі ереже бұзды — 16 қарсы 8. Сонымен бірге «Қайрат» үш сары қағаз алды, ал «Рига» ойыншыларында ескерту болған жоқ.
Алматылық клуб Лига конференциясының негізгі кезеңіндегі келесі ойынын 22 қазанда өткізеді. Команда өз алаңында гректің «Панатинаикос» клубын қабылдайды.