Дияр Нұрғожай UFC Qatar турнирінде америкалық Али Лоренцпен жұдырықтасады
Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы Дияр Нұрғожайдың келесі жекпе-жегі белгілі болды. Ол 21 қарашада Катардағы UFC Qatar турнирінде америкалық Али Лоренцпен кездеседі.
Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы Дияр Нұрғожайдың (12-2) UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды. Ол америкалық Али Лоренцпен (8-2) Катардағы UFC Qatar турнирінде жұдырықтасады.
Жекпе-жек 2026 жылдың 21 қарашасына жоспарланған. Кездесу Катардағы ABHA Arena аренасында өтеді және 93 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұйымдастырылады.
Али Лоренц үшін бұл UFC-дегі алғашқы айқас болмақ. Америкалық спортшы MMA Lab командасының намысын қорғайды, ал Дияр Нұрғожай Tobet Top Team сапында өнер көрсетеді.
Екі спортшы да 29 жаста. Нұрғожай UFC-де бұған дейін төрт жекпе-жек өткізіп, екі жеңіс пен екі жеңіліске қол жеткізді.
Қазақстандық спортшы соңғы кездесуін 2026 жылдың 9 тамызында Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінде өткізді. Ол бразилиялық Бруно Лопесті бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, UFC-дегі қатарынан екінші жеңісіне жетті.