Садулаев Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысу құқығын алды
Ресей құрамасының көшбасшысы Абдулрашид Садулаев 14 қазанда Владикавказда Магомед Курбановты 5:3 есебімен жеңіп, Астанадағы әлем чемпионатына жолдама алды.
Еркін күрестен Ресей құрамасының көшбасшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаев Астанада өтетін әлем чемпионатында белдесуге мүмкіндік алды.
Садулаев 2026 жылғы Ресей чемпионатына жарақатына байланысты қатыспаған еді. Сол себепті оның 97 келіге дейінгі салмақтағы орнын Магомед Курбанов иеленіп, ел біріншілігінде жеңіске жеткен болатын.
14 қазанда Владикавказда өткен шешуші белдесуде Садулаев пен Курбанов жолдаманы сарапқа салды. Кездесу 5:3 есебімен Садулаевтың пайдасына аяқталды.
2026 жылғы күрес бойынша әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді. Жарыста еркін, әйелдер және грек-рим күресінің балуандары жүлдеге таласады, алдын ала өтінімдерге сай, додаға 100-ден аса елдің спортшылары қатыспақ.