Хорхе Масвидаль Волкановски мен Евлоев жекпе-жегіне болжам жасады
Бұрынғы UFC титулға үміткер Хорхе Масвидаль 24 қазанда Абу-Дабиде өтетін Волкановски – Евлоев айқасы туралы пікір білдірді. Ол бұл кездесуде Мовсар Евлоевқа сенетінін айтты.
Бұрынғы UFC титулға үміткер Хорхе Масвидаль жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық айқасқа қатысты болжамын айтты. 24 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC 333 турнирінде Александр Волкановски мен Мовсар Евлоев жұдырықтасады.
Масвидаль бұл жекпе-жекте Евлоевтың жеңісіне сенетінін жасырмады.
«Придётся это сказать: я поставлю на Мовсара все, что у меня есть. Пора брать четвёртую ипотеку!» — заявил Масвидаль в эфире подкаста Deep Waters.
Евлоев соңғы кездесуін наурыз айында Лондонда өткен UFC Fight Night 270 турнирінде Лерон Мёрфиге қарсы өткізді. Ол айқаста Мовсар төрешілердің көпшілік шешімімен жеңіске жетті. Қазір оның еншісінде 20 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.
Волкановски болса қаңтарда өткен UFC 325 турнирінде Диего Лопеске қарсы шығып, бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін ол жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Александрдың рекорды — 28 жеңіс, 4 жеңіліс.