Үлкен теннис

Александр Бублик Шанхайдағы жеңілістен кейін мансабын аяқтайтынын айтты

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Шанхай турниріндегі сәтсіз матчтан кейін теннисті жалғастырмайтынын айтты. Ол бұл ойыннан соң Александр Зверевке осылай деп мәлімдеген.

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик Шанхайдағы турнирде жеңілгеннен кейін мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

Матчтан кейін түсірілген видеода Бублик неміс теннисшісі Александр Зверевпен әңгімелесіп, енді теннис ойнамайтынын айтқан. Оның сөзінше, егер жеңе алмаса, әрі қарай жалғастырудың мәні жоқ.

— Удачи тебе дальше. — Да, я закончу. Не не я не буду больше играть. Куда, если я это, я это не выигрываю. Нафиг не хочу.

Шанхайдағы ATP Masters 1000 сериясындағы төртінші айналым матчында Зверев Бубликті 7:6 (8:6), 4:6, 7:6 (7:1) есебімен ұтты. Кездесу 2 сағат 40 минутқа созылды. Осы аралықта Бублик 20 эйс жасады, ал қарсыласы 14 эйс орындады, бірақ қазақстандық теннисші 8 қосарланған қате жіберді.

Жеңістен кейін Александр Зверев ширек финалға шығып, онда австралиялық Алекс Де Минаурмен кездеседі.