Овечкин НХЛ-дың жаңа рекордын орнатты
Александр Овечкин НХЛ тұрақты чемпионаттарындағы гол санын 930-ға жеткізіп, өз рекордын жаңартты. Ол бұл межеге «Сиэтл Кракенге» қарсы матчта жетті.
«Вашингтон Кэпиталз» клубының капитаны Александр Овечкин НХЛ тұрақты чемпионаттарындағы гол саны бойынша өз рекордын тағы бір мәрте жаңартты. Ресейлік шабуылшы енді 930 шайба соққан.
41 жастағы хоккейші мұндай нәтижеге өз алаңында өткен «Сиэтл Кракенге» қарсы кездесудің 17-минутында жетті. Оның голы «Вашингтонды» алға шығарды — 2:1. Бұл шайба Овечкин үшін биылғы маусымдағы алғашқы гол болды.
Осы матчқа дейін Овечкин лиганың тұрақты чемпионаттарындағы ең көп гол соққан ойыншы ретінде 929 шайбамен көш бастап тұрған еді. Енді ол бұл көрсеткішті тағы бір голға көбейтіп, Уэйн Гретцкиден 36 шайбаға ұзай түсті. Гретцки НХЛ-дағы мансабын 894 голмен аяқтап, тарихи снайперлер тізімінде екінші орында тұр.