«Бейбарыс» сапын екі ресейлік хоккейшімен толықтырды
Атыраулық «Бейбарыс» ресейлік қорғаушы Денис Ванин мен шабуылшы Андрей Крутенковпен келісімшарт жасасты. Екі ойыншы да команда сапында маусым соңына дейін өнер көрсетеді.
Атыраулық «Бейбарыс» ресейлік қорғаушы Денис Ванин мен шабуылшы Андрей Крутенковты қатарға қосты.
32 жастағы Ванин — Челябідегі «Трактор» мектебінің түлегі. Ол бұған дейін Құрлықтық хоккей лигасының қосалқы чемпионатында тәжірибе жинап, «Молот», «Южный Урал», «Рязань-ВДВ», «Олимпия» және Воронеждің «Буран» командаларында ойнаған. Өткен маусымда ол ВХЛ-дың тұрақты чемпионатында 45 матчқа қатысып, 8 (3+5) ұпай жинады.
20 жастағы Крутенков Челябі қаласында туған. Шабуылшымен жасалған келісімшарт маусым соңына дейін есептеледі. Бұған дейін ол жастар хоккей лигасында «АКМ-Новомосковск» пен «Сахалинские Акулa» сапында өнер көрсетті. Сахалин командасында 35 матчта 15 (10+5) ұпайға қол жеткізді.
Қазір «Бейбарыс» Қазақстан чемпионатында 8-орында келеді, қоржынында 8 ұпай бар. Атырау клубы келесі кездесуін 12 қазанда сырт алаңда «Ақтөбеге» қарсы өткізеді.