weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Рыбакина Соболенкоға қарсы финалдардағы басымдықтың себебін түсіндірді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина биылғы маусымда Арина Соболенконы екі бірдей «Үлкен дулыға» финалында қалай ұтқанын айтты. Ол шешуші сәттерде ұсақ детальдар мен психологиялық мықтылықтың рөлі зор болғанын атап өтті.

Рыбакина Соболенкоға қарсы финалдардағы басымдықтың себебін түсіндірді Рыбакина Соболенкоға қарсы финалдардағы басымдықтың себебін түсіндірді
Sports.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина биылғы маусымда беларусь спортшысы Арина Соболенконы «Үлкен дулыға» турнирлерінің финалдарында екі рет жеңуінің себебін түсіндірді.

Теннисші US Open-дегі жеңісі туралы пікір білдіріп, бұл нәтижеге жету оңай болмағанын айтты. Оның сөзінше, турнирге дейінгі жарақаттан кейін ол біртіндеп қалпына келіп, ойынына қайта жақындай бастаған.

«Менің ойымша, мұнда бәрі ұсақ детальдарға байланысты, әрі психологияның да маңызы зор. Бұған қоса, сәттілік аздап болса да жағыңызда болуы керек. Мұның бәрі бірге әсер етеді, өйткені ол өте қиын қарсылас, өте мықты бәсекелес. Біз үнемі ауыр айқастар өткіземіз. Бірақ қандай да бір жолмен мен осы екі ірі титулды ұтып алдым, соған өте қуаныштымын әрі мақтанамын», — деді Рыбакина.

Ол маусым ішінде Соболенконы екі мәрте финалда тізе бүктірді: қаңтарда Australian Open жарысында 6:4, 4:6, 6:4 есебімен топ жарса, қыркүйекте US Open-де де үш сетте үстем түсті — 6:4, 5:7, 6:2.

Осы жеңістердің арқасында Рыбакина карьерасындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын иеленіп, WTA рейтингінде алғаш рет көш бастады.

.

Көп оқылды:

.
.