Футбол

Сон Хын Мин Оңтүстік Корея құрамасындағы рекордты жаңартты

Сон Хын Мин Өзбекстанға қарсы жолдастық кездесуде Оңтүстік Корея құрамасы сапындағы голдар рекордын орнатты. Ол ұлттық құрамадағы 59-голын соғып, Чха Бом Гынның жетістігін артта қалдырды.

Оңтүстік Корея мен Өзбекстан арасындағы жолдастық матчта Сон Хын Мин ұлттық құрама тарихына еніп, бомбардирлер рекордын жаңартты.

Ойын 2:0 есебімен Оңтүстік Кореяның пайдасына аяқталды. Кездесудің 6-минутында есеп ашқан Сон Хын Мин құрамасындағы гол санын 59-ға жеткізді.

Осылайша, 34 жастағы шабуылшы бұрын 58 гол соққан аңызға айналған Чха Бом Гынның көрсеткішінен асып түсті. Бұған қоса, Сон Хын Мин Оңтүстік Корея құрамасы сапында ең көп матч өткізген ойыншы болып қала береді — оның еншісінде 152 кездесу бар.

Сон Хын Мин 2025 жылдың тамызында АҚШ-тың МЛС лигасына ауысып, «Лос-Анджелеспен» рекордтық келісімшартқа қол қойған еді. Ол бұған дейін 2015 пен 2025 жылдар аралығында Лондонның «Тоттенхэм» клубында өнер көрсетіп, АПЛ-де 173 гол соқты.