ХОК 2036 жылғы жазғы Олимпиаданы өткізуге жеті үміткерді атады
Халықаралық олимпиада комитеті 2036 жылғы жазғы Олимпиаданы өткізуге ресми үміткерлер тізімін жариялады. Финалдық шешім 2029 жылы дауыс беру арқылы қабылданады.
Халықаралық олимпиада комитеті 2036 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми үміткер болған жеті елдің тізімін жариялады.
Олардың қатарында Үндістан, Катар, Оңтүстік Африка Республикасы, Оңтүстік Корея, Германия, Венгрия және Түркия бар. Жарыстың қай елде өтетіні 2029 жылы ХОК мүшелерінің финалдық дауыс беруі арқылы анықталады.
Алдағы жазғы Олимпиада 2028 жылы Лос-Анджелесте, 2032 жылы Брисбенде өтеді. Соңғы жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Парижде өтіп, жалпыкомандалық есепте АҚШ көш бастады. Екінші орынға Қытай, үшінші орынға Жапония тұрақтады.